jitsu gif
Спорт

    UFC-дің аты аңызға айналған файтерлері Хабиб пен Конор қаңтарда октагонда кездесуі мүмкін

    Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор
    Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор. Фото: Ed Mulholland/Zuffa LLC/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-дің аты аңызға айналған файтерлері Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор титулдық жекпе-жекте октагонда қайтадан кездесіп қалуы мүмкін. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Х желісіндегі DovySimuMMA парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Усман Нурмагомедов пен Пол Хьюз арасындағы Bellator лигасының жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жегі 2025 жылдың 25 қаңтарында Дубайда (БАӘ) өтеді. Дереккөздің мәліметінше, Хабиб Нурмагомедов немере інісі Усман Нурмагомедовтың бұрышында болса, Конор Макгрегор өз отандасы, ирландиялық Пол Хьюзды қолдайтын болады.

    UFC-дің аты аңызға айналған қос файтері октагонның екі жағында өз серіктестеріне қолдау көрсетеді.

    Еске сала кетейік, 2018 жылы Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегор UFC тарихындағы ең шулы жекпе-жектердің бірінде кездескен еді. Бұл кездесуде Хабиб Нурмагомедов төртінші раундта Конор Макгрегорды тұншықтыру әдісімен жеңіп, жеңіл салмақтағы чемпиондық титулын қорғаған болатын.

    UFC-дің аты аңызға айналған файтерлері Хабиб пен Конор қаңтарда октагонда кездесуі мүмкін

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.