jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Бір-бірімізді құрметтейміз": Иэн Гэрри кезекті қарсыласы Шавкат Рахмонов туралы айтты

    Ирландиялық файтер Иэн Гэрри
    Ирландиялық файтер Иэн Гэрри. Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

    Ирландиялық файтер Иэн Гэрри (15-0) UFC-дегі кезекті қарсыласы қазақстандық спортшы Шавкат Рахмоновпен (18-0) қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Bjpenn.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

    Рахмонов пен Гэрри 8 желтоқсанда таңертең Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде күш сынасады. Олардың жекпе-жегі 5 раундқа жоспарланған.

    "Шынымды айтсам, мен Шавкатпен жекпе-жекті қаладым. Жеңіліп көрмеген екі файтер кездесуі үшін барымды салдым. Шавкат екеуіміз бірге жаттыққанбыз және қаншалықты мықты екенімізді білеміз. Біз бір-бірімізді құрметтейміз. Мүмкін ол мені әлдеқайда азырақ сыйлайтын шығар, бірақ бұл қалыпты жағдай. Біздің мансабымыздың осы кезеңінде солай болуы керек. Бірақ бір шындық бар. Мен оның нөлі мен UFC белбеуін аламын", - деді Гэрри.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ америкалық файтер инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

    Осыған дейін ММА сарапшысы Кенни Окойе Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жекке өз болжамын айтқан еді.

    "Бір-бірімізді құрметтейміз": Иэн Гэрри кезекті қарсыласы Шавкат Рахмонов туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.