jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Хамзат Чимаев Шавкат Рахмоновты UFC-дің ең мықты жауынгерлерінің қатарына қосты

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-дің орта салмақтағы жауынгері Хамзат Чимаев ТМД аймағынан шыққан қазіргі таңдағы үздік файтерлердің есімдерін атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі Adam Zubayraev арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Бірінші орынға Ислам Махачевті қоямын. Ол қазір P4P рейтингінде 1-орында тұр. UFC-де ТМД-дан кімдер бар? Барлығын білмеймін, бірақ жігіттер көп. Шавкат Рахмонов та мықты. Ол жақында чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізеді. Шарабутдин Магомедовтің соққысы жойқын, болашағынан үміт күттіретін жұлдыз. Әрине, Петр Янды ұмытпауымыз керек, ол бұрынғы чемпион. Бұл қатарда Арман Царукян да бар. Мұнда мықтылар көп", - деді Хамзат Чимаев.

    Еске салайық, 26 қазанда Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 308 турнирінде Хамзат Чимаев Роберт Уиттакерді бірінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген болатын.

    Бұған дейін 2023 жылдың қазанында өткен UFC 294 турнирінде Хамзат Чимаев жартылай орта салмақтағы файтер Камару Усманды төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді. Ол кәсіби мансабында 14 рет жеңіске жеткен және бірде-бір рет жеңілмеген.

    Ал қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жек өткізеді.

    Хамзат Чимаев Шавкат Рахмоновты UFC-дің ең мықты жауынгерлерінің қатарына қосты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.