jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Анам қарап отырды": қазақ файтері Nomad Fighting турниріндегі жеңісі туралы пікір білдірді

    Жұман Жұмабеков
    Жұман Жұмабеков. Фото: naiza.tv

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жұман Жұмабеков бразилиялық Веллингтон Перейрамен Nomad Fighting турнирі аясында кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Nomad Fighting Championship лигасы аясында Жұман Жұмабеков бразилиялық Веллингтон Перейраны төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    "Намысқа тырысып, жеңіске жеттім. Қаншама халықтың қарап отырғаны маған жігер берді. Оның ішінде анам қарап отырды. Анамның алдында ұйықтап қалсам, жүрегі ауырады.

    Қарсыласым өте мықты. Бұл жекпе-жек бокс ережесіне сай өтсе, кездесу басқаша өтер ме еді. Перейра бүгін мені таңғалдырды. Бірақ мені құлата алмады", - деді Жұман Жұмабеков.

    Айта кетейік, Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында аралас жекпе-жектен Nomad Fighting турнирі аясында қазақстандық Еркебұлан Тоқтар ресейлік Фарид Ядуллаевпен кездесті. Нәтижесінде Еркебұлан Тоқтар ресейлік қарсыласын бірінші раундтың бірінші минутында нокаутқа түсірді.

    "Анам қарап отырды": қазақ файтері Nomad Fighting турниріндегі жеңісі туралы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.