jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри UFC 310 турнирі алдында бірінші рет кездесті (видео)

    Иэн Гэрри мен Шавкат Рахмонов
    Иэн Гэрри мен Шавкат Рахмонов. Скриншот: instagram.com/ufc

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен оның кезекті қарсыласы ирландиялық Иэн Гэрри UFC 310 турнирі алдында бірінші рет кездесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Екі спортшының кездескен сәтінің видеосы UFC-дің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды. Олар төс қағыстырып амандасты да, аз-кем сөйлесті. Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновтан "Дайынсың ба?", "Салмақ қалай болып жатыр?" деп сұрады. Ал Рахмонов алдағы жекпе-жекке дайын екенін айтты.

    Иэн Гэрри мен Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде жекпе-жекке шығады. Олардың бәсекесі 5 раундқа жоспарланған. Екеуі де бұған дейін мүлде жеңіліп көрмеген. Гэрридің рекорды – 15-0 болса, Рахмоновтікі – 18-0.

    Қазақстандық файтер соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында жекпе-жек өткізіп, америкалық Стивен Томпсонды екінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын. Ал Иэн Гэрри үшін бұл биыл өткізгелі жатқан үшінші жекпе-жегі болмақ. Ол ақпанда америкалық Джефф Нилді, ал маусымда британиялық Майкл Пэйджді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген еді.

    Еске салайық, Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри алдағы жекпе-жекте қанша табыс табатыны белгілі болған еді.

    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри UFC 310 турнирі алдында бірінші рет кездесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.