jitsu gif
Спорт

    Шавкат Рахмонов UFC чемпионымен Рамазан айында жекпе-жек өткізе ме: файтердің өзі жауап берді

    Шавкат Рахмонов
    Казахстанский спортсмен Шавкат Рахмонов: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC файтері Шавкат Рахмонов (18-0) чемпиондық белбеу үшін Белал Мухаммадпен (24-3-0-1) қасиетті Рамазан айында жекпе-жек өткізуге қатысты сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ YouTube желісіндегі SauBall арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    SauBall арнасының журналисі қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтан: "Егер сен Гэрриді жеңіп, UFC немесе Белалдан Рамазан айында чемпиондық жекпе-жекке шығу туралы ұсыныс түссе, жауабың қандай болар еді?" - деп сұрады.

    "Біз бұл ұсынысты қарастырып, шешім қабылдаймыз. Бірақ дәл қазір нақты жауап беру қиын. Бұған дейін Рамазан айында жекпе-жек өткізіп көрмеппін", - деп жауап берді Шавкат Рахмонов.

    Еске сала кетейік, Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) UFC 310 турнирі аясында Иэн Гэрримен (15-0) бес раундқа жоспарланған жекпе-жек өткізеді. Алғашында бұл жекпе-жек Белал Мухаммадпен чемпиондық белбеу үшін өтуі керек еді. Бірақ Белал Мухаммад жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан болатын.

    Айта кетейік, 2025 жылы мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 28 ақпаннан 29 наурызға дейін жалғасады.

    Шавкат Рахмонов UFC чемпионымен Рамазан айында жекпе-жек өткізе ме: файтердің өзі жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.