jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    БАҚ: Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін наурызда өткізеді

    Асу Алмабаев
    Асу Алмабаев. Фото: Todd Lussier / Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-дің аса жеңіл салмақтағы файтері Асу Алмабаев келесі жекпе-жегі 2025 жылдың наурызында өткізеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт Шредингер" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Дереккөздің мәліметінше, Асу Алмабаев 2025 жылдың 1 наурызында Лас-Вегаста өтетін UFC Vegas 103 турнирінде жекпе-жегін өткізеді.

    Бұл кездесу қазақстандық файтер Асу Алмабаевтың UFC-дегі бесінші жекпе-жегі болмақ. Асу Алмабаевтың қарсыласы өз салмағындағы үздік 10 жауынгердің бірі болады. Жекпе-жек туралы ресми хабарландыру жақын арада жасалады деп күтілуде.

    Айта кетейік, Асу Алмабаев UFC-дегі дебютін 2023 жылдың тамыз айында Одди Осборнды тұншықтыру әдісімен жеңіп бастаған болатын. Биыл ол бірінен кейін бірін СиДжей Вергараны, Хосе Джонсонды және Матеус Николауды төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    30 жастағы Асу Алмабаев ММА-де қатарынан 17 жеңіс сериясын жалғастырып келеді. Ол Матеус Николауды жеңгеннен кейін бірден жеті сатыға көтеріліп, UFC рейтингінде 7-орынға тұрақтады.

    БАҚ: Асу Алмабаев UFC-дегі келесі жекпе-жегін наурызда өткізеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.