Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Нағыз ерлік": ММА бапкері Шавкат Рахмоновтың соңғы жекпе-жегіндегі жантүршігерлік сәтті есіне алды

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

Kill Cliff FC залының жаттықтырушысы Саид Сапаров қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жектің ең тартысты эпизоды туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт Шредингер" YouTube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

8 желтоқсанда өткен UFC 310 турнирінде қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри кездесті. Жекпе-жектің бесінші раундында Иэн Гэрри қазақ жауынгеріне қарсы қылқындыру әдісін жасаған болатын. Алайда Шавкат осындай үлкен қысымға шыдас беріп, оның әдісінің толық жүзеге асуына жол берме

"Бұл жағдайды нағыз ерлік деп айтуға болады. Шавкат қарсыласынан құтылып кете алды. Дегенмен, Иэн Гэрридің базалық грэпплинг шеберлігі болмағанымен, оның аяқ-қолдарының ұзындығы үлкен артықшылық береді.

Шавкаттың жекпе-жек кезінде тепе-теңдігін жоғалтуына жарақат алған тізесі себеп болды. Сол кезде ол құлап кетті, бұл – жарақаттың салдары. Мұндай сәттер спортшыға психологиялық тұрғыдан да ауыр тиеді. Бұл ең жоғары деңгейдегі жекпе-жек, мұнда кездейсоқтық болмайды.

Сондықтан Шавкаттың жарақаты әсер етті, дегенмен ол бәрін еңсере алды. Бұл жағдай оның мықтылығын және ерік-жігерін көрсетті", - деді Саид Сапаров.

Сондай-ақ Саид Сапаров қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың бапкерлер құрамындағы түсініспеушілік турасында пікір білдірді.

Еске сала кетейік, бес раундқа жоспарланған кездесуде Шавкат Рахмонов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2201871-nagyz-erlik-mma-bapkeri-shavkat-rahmonovtyng-songgy-zhekpe-zhegindegi-zhanturshigerlik-satti-esine-aldy/