"Alash Pride" лигасының чемпионы Руслан Сариев Sport+ телеарнасының қонағы атанып, өзінің кәсіби жекпе-жекте алған алғашқы сыйақысы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport+ Qazaqstan арнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Бірінше жекпе-жекте мен өз жаттығу залымдағы бір жауынгерді алмастардым. Бірінші қарсыласымды "рычаг" әдісімен жеңген едім. Жеңістен кейінгі сезім бөлек екен. Содан кейін кәсіби түрде ММА-да өнер көрсетуге құлшыныс пайда болды. Сол кездегі жеңіс үшін алған сыйақым 30-40 мың тенге еді. 10 мың тенгені өзіме қалдырып, қалғанын ата-анама берген едім", - деді Сариев.
Fса жеңіл салмақ дәрежесіндегі файтер Руслан Сариевтің рекорды 16 жеңіс, 2 жеңіліс. Кәсіби мәнсабын 2016 жылдың маусым айында NFC лигасында бастады. Сариев тағы бірнеше лигада өзін көрсете білді, бірақ жекпе-жектердің көпшілігі NFC-де жалғасты.
Айта кетейік, Семейде өткен ММА турнирі барысында қазақстандық аралас жекпе-жек жұлдыздары Шавкат Рахмонов пен Асу Алмабаевқа бағалы сыйлықтар табысталған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2204735-qazaqstandyq-mma-zhauyngeri-algashqy-zhengisten-algan-syiaqym-30-40-tengge-boldy/