Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

"Құшақтай алмайтынымды түсіндім": америкалық журналист Шавкатқа деген ерекше сүйіспеншілігін жеткізді

Жарияланған күні:

Шавкат Рахмонов пен Лора Санко
Шавкат Рахмонов пен Лора Санко. Фото: Mike Roach/Zuffa LLC via Getty Images

ESPN арнасының журналисі әрі комментаторы Лора Санко қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновқа деген ерекше құрметін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Спорт Шредингер" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сұқбат барысында Лора жауынгер Шавкатқа деген құрметі файтердің UFC-ге келмес бұрын басталғанын ерекше атап өтті. Ол Шавкат Рахмоновтың сабырлы мінезін, қарапайымдылығын және мәдениет пен дәстүрге деген құрметін атап өтіп, бұл қасиеттері олардың арасында жылы қарым-қатынас орнатуға көмектескенін айтты.

"Мен оны сұқбат алу үшін күтіп тұрдым. Сондықтан бұл достар арасындағы әдеттегі әңгіме емес еді. Маған сұқбатты тез аяқтау қажет болды, өйткені Дана Уайт пен оның ұлы (егер қателеспесем), кадр сыртында Шавкатпен бірге суретке түсу үшін күтіп тұрған еді. Бұл Шавқаттың аудиторияны және UFC-ді қаншалықты баурап алғанын көрсетеді", - деді Лора.

Сондай-ақ журналист Лора Санко Шавкаттың сабырлы, өзіне сенімді әрі дәстүріне берік екенін атап өтті.

"Біз, америкалықтар, эмоцияға берілгішпіз, белсендіміз. Ал Шавкаттың мәдениетіне сай, мен оны қатты құшақтап құттықтай алмайтынымды түсіндім. Сол себепті оны қолдап, дәстүрін құрметтеп, қарапайым қол алысумен шектелдім", - деп сөзін түйіндеді.

Айта кетейік, Шавкат Рахмонов АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен кездескен болатын. Бес раундқа жоспарланған кездесуде Шавкат Рахмонов төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2205302-qushaqtai-almaitynymdy-tusindim-amerikalyq-zhurnalist-shavkatqa-degen-erekshe-suiispenshiligin-zhetkizdi/