jitsu gif
Спорт

    "Әлі де бүкіл әлемді бағындырады": Елдос Сметов Шавкат Рахмонов туралы айтты

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов
    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы болу мүмкіндігіне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Әрине, Шавкатқа сенеміз. Әр қазақ әлемдік аренаға шыққан жерлесін қолдамаса, елімізде ешқандай жетістік пен жеңіс болмайды деп ойлаймын. Сондықтан мен сенемін. Құдай қаласа, Шавкат әлі де бүкіл әлемді бағындырады", - деді Сметов.

    Қазір Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақ дәрежесіндегі рейтингте екінші орында тұр. Ол соңғы жекпе-жегінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрриді төрешілердің шешімімен жеңген еді.

    Еске салайық, еркін күрестен әлем чемпионы Нұрқожа Қайпанов Шавкат Рахмоновтың UFC чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы өтуі мүмкін жекпе-жегі туралы пікір білдірген еді.

    "Әлі де бүкіл әлемді бағындырады": Елдос Сметов Шавкат Рахмонов туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.