"UFC-дің чемпиондық белбеуі": Асу Алмабаев 2025 жылға қойған ең басты мақсатын айтты
Опубликовано:
UFC файтері Асу Алмабаев (21-2) 2025 жылға қойған басты мақсатын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Зұлпықар" лақапатымен танымал Асу Алмабаевтың айтуынша, ол UFC-дің ең жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін жеңіп алуға ниетті.
"Биыл мен UFC-дің чемпиондық белбеуін Қазақстанға алып келгім келеді. Бұл – 2025 жылға қойған басты мақсатым", - деді Асу Алмабаев.
Айта кетейік, қазіргі таңда Асу Алмабаев UFC-дің ең жеңіл салмақтағы дивизионының рейтингінде 8-орында тұр.
1 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Vegas 103 турнирінде Асу Алмабаев рейтингте 9-орында тұрған аустралиялық Стив Эрцегпен (12-3) кездеседі.
Асу Алмабаев 2023 жылы UFC-дегі дебютінде Одди Осборнды тұншықтыру әдісімен жеңген болатын. Ал 2024 жылы ол Си Джей Вергараны, Хосе Джонсонды және Матеус Николауды төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2208201-ufc-ding-chempiondyq-belbeui-asu-almabaev-2025-zhylga-qoigan-eng-basty-maqsatyn-aitty/