jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Күшті соққысы бар": ММА сарапшысы UFC-де дебют жасайтын қазақ жауынгері туралы пікір білдірді

    Дияр Нұрғожай
    Дияр Нұрғожай. Фото: Eagle FC

    ММА сарапшысы, Eurosport Nederland журналисі Марсель Дорфф қазақстандық файтер Дияр Нұрғожайдың дебюттік жекпе-жегі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    15 наурызда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтетін UFC Vegas 104 турнирінде жартылай ауыр салмақта Дияр Нұрғожай (10-0) аталмыш промоушендегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Қазақстандық спортшы "Горилла" лақапатымен танымал бразилиялық Брэнсон Рибейромен (16-7) кездеседі.

    "Бұл қазақстандық спортшы үшін өте ұтымды кездесу деп ойлаймын. Егер Рибейро бұл кездесуде жеңілсе, оны UFC-ден шығарып жіберуі мүмкін.

    Диярдың нокаутқа түсіретін күшті соққысы бар, ал Брэнсонның төзімділігі жоғары деңгейде емес", - деді Дияр Нұрғожай.

    Еске салайық, 2 қыркүйекте қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Дияр Нұрғожай (10-0) UFC-мен келісімшартқа отыруға мүмкіндік беретін Dana White’s Contender Series турнирінде өнер көрсетіп, жеңіске жеткен болатын.

    "Күшті соққысы бар": ММА сарапшысы UFC-де дебют жасайтын қазақ жауынгері туралы пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.