jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    UFC нұсқасы бойынша 2024 жылғы үздік нокаут иесі белгілі болды

    Макс Холлоуэй
    Макс Холлоуэй. Фото: Matt Davies/PxImages/Icon Sportswire via Getty Images

    Америкалық файтер Макс Холлоуэй UFC нұсқасы бойынша "Жыл нокауты" номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC-дің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Макс Хеллоуэй 2024 жылы 13 сәуірде Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткен UFC 300 турнирінде отандасы Джастин Гэтжиді мерзімінен бұрын жеңген еді. Ол жекпе-жектің соңғы секундтарында қарсыласын нокаутқа түсірді.

    Макс Хеллоуэй соңғы жекпе-жегін өткен жылы қазанда өткізіп, UFC-дің жартылай жеңіл салмақтағы чемпионы Илия Топуриядан жеңіліп қалды. Топурия он алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, чемпиондық атағын қорғады. Ал Макс Холлоуэй сегізінші рет жеңіліс тапты.

    Айта кетейік, UFC нұсқасы бойынша "Жыл нокауты" атағына Хеллоуэйден бөлек, ресейлік Шара Буллет және бразилиялықтар Винисиус де Оливейра мен Алекс Перейра да үміткер болған еді.

    UFC нұсқасы бойынша 2024 жылғы үздік нокаут иесі белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.