
UFC президенті Дана Уайт Лос-Анджелестегі өрттің салдарынан UFC 311 турнирдің өтетін орны өзгеруі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kick.com платформасына сілтеме жасап хабарлайды.
Дана Уайт Эдин Росс жүргізетін Kick платформасындағы стримде қазіргі таңда UFC 311 турнирін Лос-Анджелестен басқа қалаға ауыстыру туралы нақты шешім жоқ екенін жеткізді. Оның айтуынша, қалада NBA матчтары да белгіленген уақытта өтіп жүр. Алайда егер өрттің аумағы күшейетін болса, турнир Лас-Вегасқа өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.
Еске сала кетейік, UFC 311 турнирі аталмыш промоушеннің 2025 жылғы алғашқы жарысы болмақ. Аталмыш кештің басты жекпе-жегінде Ислам Махачев пен Арман Царукян кездеседі. Жекпе-жекте UFC-дің чемпиондық титулы сарапқа салынады.
Сондай-ақ қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров жеңіл салмақтағы UFC титулы үшін өтетін Ислам Махачев пен Арман Царукян арасындағы жекпе-жек туралы пікір білдірді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2210970-los-andzhelestegi-ortting-saldarynan-ufc-311-turniri-basqa-qalada-otui-mumkin/