jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Асу Алмабаев пен Манель Капе: жекпе-жек пен UFC трансляциясы сағат нешеде болады

    Асу Алмабаев пен Манель Капе
    Асу Алмабаев пен Манель Капе. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    Астана уақыты бойынша 2 наурыздың таңында қазақстандық Асу Алмабаев UFC аясында кезекті жекпе-жегін өткізеді. KAZ.NUR.KZ "Зульфикар" мен португалиялық Манель Капе арасындағы кездесуге қатысты негізгі мәліметтерді назарға ұсынады.

    КЛЮЧЕВЫЕ МОМЕНТЫ
    close
    Данный текст создан автоматически при помощи ИИ и не проходил проверку редактора, поэтому может содержать фактологические или грамматические ошибки. Подробности в публикации
    • Жекпе-жек сағат нешеде басталады?
    • Жекпе-жекті қайдан көруге болады?
    • Жекпе-жек ережелері қандай?
    • Алмабаев пен Капенің аяқ алысы қандай?
    • UFC Fight Night 253 тунрирінде тағы кім жекпе-жекке шығады?

    Жекпе-жек сағат нешеде басталады?

    Алмабаев UFC турнирін басқаратын алғашқы қазақстандық атанбақ. Оның Капемен жекпе-жегі Fight Night сериясының шоу кардын жауып, жексенбі Астана уақытымен таңғы сағат 07:00 шамасында басталады.

    Турнирдің өзі АҚШ-тың Невада штатындағы Лас-Вегас қаласында орналасқан UFC Apex промоушенінің аренасында өтеді. Шоу Қазақстан уақытымен 02:30-да басталады.

    Жекпе-жекті қайдан көруге болады?

    Қазақстанда Setanta Sports қызметі ақылы жазылым аясында Алмабаев пен Капе жекпе-жегінің заңды тікелей трансляциясын ұсынады.

    Жекпе-жек ережелері қандай?

    Қарсыластар ең жеңіл салмақта (57 келіге дейін) кездеседі. Бұл дивизион бойынша UFC рейтингінде Алмабаев сегізінші, Капе алтыншы орында.

    Кештің басты оқиғасы ретінде бұл жекпе-жек бес минуттық бес раундқа жоспарланған. Егер ол барлық қашықтыққа созылса, жеңімпаз әділ қазылар карточкасындағы ұпайларды санау арқылы анықталады.

    Алмабаев пен Капенің аяқ алысы қандай?

    Қазақстандық Асу Аламабаев UFC-де 2023 жылдан бері бақ сынап келеді және промоушен аясында өткізілген төрт жекпе-жектің барлығында жеңіске жеткен. Алмабаев мансабында барлығы 21 жекпе-жекте жеңіске жетті (үш нокаут және тоғыз сабмишен) және екеуінде жеңіліс тапты.

    Капенің UFC-дегі тәжірибесі көбірек. Промоушен аясында ол бес рет жеңіске жетіп, үш рет жеңіліс тапты. Капе ММА-де 20 рет жеңген (12 нокаут және бес сабмише), жеті рет жеңілген.

    UFC Fight Night 253 тунрирінде тағы кім жекпе-жекке шығады?

    Кештің басты оқиғаларының бірі – америкалық Коди Брандэйджем мен Джулиан Маркес арасындағы орта салмақтағы (83,9 келіге дейін) жекпе-жек. Американың тағы бір өкілі Чарльз Джонсон Алмабаев пен Капеден бөлек, кардтағы үздік 15 спортшылардың қатарынан болатын жалғыз спортшы. Ол турнирді өзбекстандық Рамазан Теміровке қарсы жеңіл салмақтағы жекпе-жекпен ашады.

    Асу Алмабаев пен Манель Капе: жекпе-жек пен UFC трансляциясы сағат нешеде болады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.