jitsu gif
Спорт

    Асу Алмабаев UFC-дің басты жекпе-жегінде жеңіліп қалды

    Асу Алмабаев португалиялық қарсыласы Манел Капемен
    Асу Алмабаев португалиялық қарсыласы Манел Капемен. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC

    2 наурызға қараған түні Лас-Вегаста (АҚШ) аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 253 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

    Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық ММА жұлдызы Асу Алмабаев пен португалиялық файтер Манел Капе кездесті.

    Бірінші раундта Капе басым болды. Португал спортшысы көбірек соққы жасап, бірауыздан бірінші раундты өз еншісіне жазды.. 

    Екінші бесминуттықты қазақ спортшысы белсенді бастады. Дегенмен, екінші бөлікте Капе тізгінді қолға алды. Соққыларын дарытты, қарсыласқа күресуге мүмкіндік бермеді.

    Өкінішке қарай, үшінші раундта португал спортшысы Асуды сабап тастады. Ізбе-із соққылардан кейін төреші жекпе-жекті тоқтатып, Капенің жеңісін тіркеді. 

    Осылайша, Алмабаев мансабында үшінші рет жеңілді. Ал, UFC-де алғаш рет қарсыласқа жол беріп отыр. 

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.