jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Трамп тура Ақ үй алдында UFC турнирін өткізбек

    Дональд Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Chip Somodevilla/Getty Images

    Трамп Ақ үйдің төрінде UFC турнирін өткізетінін мәлімдеді. Бұл жұмысты толықтай ұйым басшысы Дана Уайтқа тапсырмақ, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

    АҚШ президенті әлемнің үздік файтерлеріне сегізбұрышты торды тура өз резиденциясының ішінде жайғастырмақ. Бұны Трамп АҚШ тәуелсіздігінің 250 жылдығына арнайтынын мәлімдеді.

    "Бұрын-соңды бұндайды ешкім жасамаған. Тура Ақ үйдің алдында 25 мың қонақты шақырып, турнир өткіземіз. Дана Уайт тікелей өзі айналысады. 250 жылдыққа арналған салтанатты шаралардың ең үздігі осы сайыс болады. Бұған кепілдік беремін", - дейді АҚШ президенті Дональд Трамп.

    Айта кетейік, ұйым басшысы Дана Уайт Трамптың сайлауалды бағдарламасына қолдау көрсеткен еді.

    Трамп тура Ақ үй алдында UFC турнирін өткізбек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.