jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Александр Усик тағы да аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды

    Александр Усик
    Александр Усик. Фото: Richard Pelham/Getty Images

    Ұлыбританияның Лондон қаласында украиналық боксшы Александр Усик (23-0, 14 KO) пен британдық Даниэль Дюбуа (22-2, 21 KO) арасындағы реванш-жекпе-жек өтті, деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған kazinform.kz.

    Олар аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салды. Жекпе-жек он екі раундқа жоспарланған еді. Дегенмен бесінші раундта Усик қарсыласын нокаутқа жіберді.

    Осылайша, Александр Усик кәсіпқой мансабындағы 24-ші жеңісіне қол жеткізіп, тағы да хэвивейт салмағында абсолютті әлем чемпионы атанды.

    Ал Даниэль Дюбуа үшін бұл кәсіби рингтегі үшінші жеңілісі болды.

    Еске салсақ, Усик пен Дюбуа арасындағы алғашқы жекпе-жек 2023 жылдың тамызында өтіп, тоғызыншы раундта украиналық боксшының жеңісімен аяқталған болатын.

    Александр Усик тағы да аса ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.