jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Допинг дауынан соң Әлімханұлы боксшылар комиссиялары қауымдастығынан аластатылды

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы. Фото: Instagram @janibek_alimkhanuly

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының Boxrec.com порталындағы профилінде Боксшылар комиссиялары қауымдастығы спортшыны белгісіз мерзімге аластатқаны жазылған, деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бұл шешім Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына ілігуіне байланысты болып отыр. Бұл даудың салдарынан оның кубалық Эрисланди Лараға қарсы WBO, IBF және WBA титулдары үшін болатын жекпе-жектері кейінге шегерілген. Бұл оқиғадан соң кубалық Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жекпе-жекке шығып, ол төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен.

    Еске салсақ, кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының кубалық Эрисланди Лараға қарсы жекпе-жек өткізетін болған. Алайда артынша танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегінің алдында допинг дауына іліккені белгілі болды. Осылайша, Жәнібек Әлімханұлының командасы допинг дауына байланысты боксшының кезекті жекпе-жегі өтпейтінін мәлімдеді.

    Допинг дауынан соң Әлімханұлы боксшылар комиссиялары қауымдастығынан аластатылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.