jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Ниджат Рахимов жарыстардан шеттетілуіне байланысты мәлімдеме жасады

    Ниджат Рахимов
    Ниджат Рахимов. Фото: instagram.com/nijat.raximov

    Допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілген ауыр атлетикадан 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, қазақстандық спортшы Ниджат Рахимов әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеме жасады.

    "Достар, кеше кешке өзіме тағылып жатқан айыптар туралы хабарлама алдым. Меніңше, мұндай жаңалық кезекті жарысқа дайындалып жатқан кез келген атлет үшін тосын жайт болары анық.

    Мені қандай да бір тыйым салынған затты қолданды деп айыптап жатқан жоқ. Мен кез келген кәсіби спортшы ретінде маусым бойы допингке бірнеше рет сынамалар тапсырамын. Әрі қарай несебіммен не болатыны маған белгісіз. Бұл бізді тексеретін органдардың жауапкершілігінде.

    Достар, мен беріле салып, өзгенің кінәсін өз мойныма алмақ ниетте емеспін. Мен жеңіске жеткен күні мыңдаған қазақстандықтың қуанғаны мені үнемі шабыттандырады. Менің адал достарым яғни сіздер мені қазіргі уақытта да қолдайтындарыңызға сенімдімін. Мен спорттың таза болғанын қалаймын", - дейді спортшы.

    Сөз соңында Ниджат Рахимов Халықаралық тест агенттігінде түсініктеме беретінін, осы жазылғанның барлығын баяндайтынын атап өтті.

    Еске сала кетек, Ниджат Рахимов допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін жарыстардан уақытша шеттетілгенін жазған едік.

    Рахимов 2016 жылы сараптамаға жіберілген несебін ауыстырды деп айыпталуда.

    Ауыр атлет допинг дауына алғаш реті ілігіп отырған жоқ. 2013 жылы тамызда ол допингке қарсы ережені бұзғаны үшін спорттан екі жылға шеттетілген болатын.

    Ниджат Рахимов жарыстардан шеттетілуіне байланысты мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.