jitsu gif
Спорт

    "Алтыннан кем емес": Димаш Құдайберген Олимпиада жүлдегерлерін құттықтады

    Олимпиада жүлдегерлері
    Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Әлемді ғажайып даусымен таңдай қақтырып жүрген әнші Димаш Құдайберген Токио Олимпиадасында жүлде алған қазақстандық спортшыларды жеңісімен құттықтады.

    Димаш Құдайберген өз құттықтауын Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.

    "Жеңістеріңіз үшін үлкен рахмет, бауырлар! Елдің намысы үшін тырысып, еңбекпен әкелген қола жүлделеріңіз, мен үшін алтыннан кем емес! Алла қаласа бұдан да үлкен шыңдарды бағындыруға нәсіп етсін!", – деп жазды ол.

    Еске салсақ, бүгін, 8 тамызда Токиода өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтеді. Әлем елдері қатысқан жарыста Қазақстан 8 қола медаль еншіледі.

    Токио төрінде алғашқы медальді 24 шілдеде Қазақстан қоржынына дзюдошы Елдос Сметов салды.60 келі салмақта сынға түскен қазақстандық балуан Нидерланд елінің спортшысы Торнике Цакаджоені ұтты. Негізгі уақытта жеңімпаз анықталмай, қосымша уақытта Сметовтің жасаған әдісі есепке алынды.

    25 шілде күні жарыс жолына ауыр атлеттер шықты. Дәл сол күні 61 келіге дейінгі салмақтағы зілтеміршіміз Игорь Сон қола жүлде жеңіп алды. Игорь жұлқа көтеруде 131 келіні, серпе көтеруде 163 келіні көтерді. Қоссайыс нәтижесі бойынша қазақстандық ауыр атлет 394 келіні көрсетті.

    Ал 26 шілде күні 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен зілтемірші Зүлфия Чиншанло елімізге тағы бір қола медаль сыйлады. Чиншанло қоссайыс қорытындысы бойынша 213 келіні бағындырды.

    Оған қоса, танымал қазақстандық файтер Қуат Хамитов Токио Олимпиадасында Қазақстан көрсеткен нашар нәтиже туралы пікірін білдірді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.