jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Олимпиадаға қатысқан каратэші Мөлдір Жаңбырбай өзінің командаласына тұрмысқа шықты

    Мөлдір Жаңбырбай ұзатылды
    Мөлдір Жаңбырбай ұзатылды: Instagram

    Каратэден Токио Олимпиадасында Қазақстан намысын қорғаған Мөлдір Жаңбырбай тұрмысқа шықты. Қызылордалық қыз өзінің командаласы Дидар Әмірәлімен шаңырақ құрған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мөлдір Жаңбырбай каратэден Қазақстан командасының мүшесі. Ол 50 келіге дейінгі салмақта Токио Олимпиадасында сынға түсіп, қолаға қол созым жерден тоқтаған болатын. Жарысты сәтті бастаған спортшы кейінгі қарсыластарын жеңіп тұрып, соңғы секундтарда ұпай беріп қойды.

    Елге оралған соң Мөлдір өзінің Қызылордадағы үйінен ұзатылды. Оның таңдауы командаласы, каратэші Дидар Әмірәліге түскен. Дидар каратэден 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарының қола жүлдегері. Екі спортшы да каратэден ірі әлемдік турнирлерде ел қоржынына жүлде салған.

    Қызылорда қаласында өткен Мөлдір Жаңбырбай ұзату тойына спортшының командалас достары жиналған. Олардың қатарында Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева, команда мүшесі Александра Будкина бар.

    Айта кетелік, Токио Олимпиадасында Қазақстан каратэшілері екі қола жеңіп алды. Дархан Асаділов пен Софья Берульцева әлемдік сында үздік үштікке енді.

    Ал каратэ 2024 жылғы Париж Олимпиадасының бағдарламасынан алынып қалды.

    Олимпиадаға қатысқан каратэші Мөлдір Жаңбырбай өзінің командаласына тұрмысқа шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.