jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада ең жақсы нәтижеге қол жеткізді

    Абзал
    Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

    Бейжің Олимпиадасында қазақстандық шорт-трекшілер аралас эстафетада жартылай финалдан әрі аса алмады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Аралас эстафетада Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Яна Хан, Ольга Тихонова төрттігі үшінші орынға табан тіреді. Олардың көрсеткіші: 2:42.59.

    Бұл жүлделер сарапқа салынатын А финалына өту үшін жеткіліксіз көрсеткіш болды.

    Қазақстандық спортшылармен сайысқан түскен Канада құрамасы мен Италия ақтық мәреге өтті.

    Айта кетейік, аралас эстафетада алтын медальға Қытай қол жеткізді. Екінші орынды Италия алса, қола жүлдені Венгрия спортшылары қанағат тұтты.

    Төртінші орынды Канада алды. Үздік бестікті Нидерланды құрамасы қорытындылады.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы аралас эстафетада алтыншы орынға ие болды. Бұл Бейжің Олимпиадасындағы әзірге ең жоғарғы көрсеткіш.

    Ал фристайл-могулдан ел намысын қорғаған Дмитрий Рейхерд Бейжің Олимпиадасында сегізінші орын алды. Отандасымыз үздік алтылық сынға түсетін супер финалға өте алмады.

    Қазақстан Бейжіңдегі қысқы Олимпиадада ең жақсы нәтижеге қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.