jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Юлия Галышева Бейжің финалында сәтсіздікке ұшырады

    Бейжің
    Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

    Бейжің Олимпиадасында фристайл-могулдан әйелдер арасындағы екінші финал аяқталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Қазақстан командасының көшбасшысы Юлия Галышева бірінші іріктеуге белгілі бір себептермен қатыспаған еді. Бүгін екінші іріктеуде ол тоғызыншы орынға ие болып, үздік жиырмалық бақ сынайтын финалға өтті.

    Бірінші финалда отандасымыз 74,97 ұпайға ие болды. Бұл нәтиже үздік он екі могулшы өнер көрсететін екінші финалға жолдама сыйлады.

    Бұл кезеңнен жетінші орынмен шыққан Юлия Галышева екіншісінде сәтсіздеу өнер көрсетті. Нәтижесінде 49.74 ұпаймен үздік алтылық бақ сынайтын супер финалға шыққан жоқ.

    Осылайша, Пхенчхан Олимпиадасының жүлдегері Бейжіңдегі жарыс жолын 11-орынмен аяқтады.

    Юлия Галышевадан бөлек, Бейдің Олимпиадасында фристайл-могулдан әйелдер арасында ел намысын Анастасия Городко, Аяулым Әміренова мен Олеся Граур қорғады. Алайда олар екінші іріктеу кезеңінен әрі аса алған жоқ.

    Айта кетейік, Юлия Галышева 2018 жылғы қысқы Олимпиданың қола жүлдегері, әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңімпазы.

    Юлия Галышева Бейжің финалында сәтсіздікке ұшырады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.