jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Жыламау мүмкін емес": 34 жылдан соң әкесінің ерлігін қайталаған спортшы көз жасына ерік берді

    Хуберт және Йоханнес Штрольц
    коллаж: sports.ru

    Бейжің Олимпиадасында тау шаңғысынан австриялық Йоханнес Штрольц жеңімпаз атанды. Ол "суперкомбинация" бойынша алтын алып, осыдан 34 жыл бұрынғы әкесінің ерлігін қайталады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Йоханнес Штрольц 10 ақпан күні тау шаңғысынан "суперкомбинация" бойынша Олимпиада чемпионы атанды. Одан бөлек, слалом бойынша күмісті қанағат тұтты.

    Ал 1988 жылы өткен Калгари Олимпиадасында Йоханнестің әкесі Хуберт Штрольц тап осы бағдарламада алтын алып, гигантты слалом бойынша күміс иеленген еді.

    Әкесі мен ұлының бір спорт түрінде Олимпиада чемпионы атанғаны әлем халқын таң қалдырып отыр.

    "Марапаттау рәсімі кезінде көз алдымнан барлық жағдай өтті. Жыламау мүмкін емес еді. Менің арманым орындалды. Бұл ешқашан қиындыққа берілмеудің үлгісі", - дейді Йоханнес.

    Спортшының бұлай айтатын жөні бар. Өйткені, Йоханнестің бұдан бір жыл бұрынғы көрсеткіштері тым төмен еді. Ол әлемдік жарыстарда жүлде алмай, тіпті, алғашқы жүздікке сирек ілінетін. Бұл Австрия ұлттық құрамасының бапкерлерін де ойлантып, олар нәтижесі төмен спортшыны қатардан шығарып тастайды.

    Осылайша, кіші Штрольц жаттығуды өз бетінше жасап, шаңғысын майлауды да өзі үйренеді. Өйткені, шаңғы майлайтын мамандар тек қана ұлттық құрама спортшыларына ғана қызмет ететін еді.

    Бірақ қиындықтың бәрін артта қалдырған Йоханнес Бейжіңде Олимпиада чемпионы атанды.

    "Екеуміздің де бір спорт түрінде чемпион атанғанымыз керемет оқиға. Ұлыммен мақтанамын", - деді спортшының әкесі Хуберт.

    "Жыламау мүмкін емес": 34 жылдан соң әкесінің ерлігін қайталаған спортшы көз жасына ерік берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.