jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық алты зілтеміршінің допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті

    зілтемір
    Көрнекі фото: olympics.com

    Алты қазақстандық ауыр атлеттің допинг сынамасы оң нәтиже берді. Бұл туралы еліміздің Ауыр атлетика федерациясы ресми сайтында хабарлады.

    Федерация анықталған фактілерге байланысты ресми мәлімдеме жасады.

    "2022 жылғы 9 ақпан мен 2 наурыз аралығында Қазақстан Ұлттық допингке қарсы күрес орталығы жарыстан тыс допинг-бақылау аясында ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасы Ұлттық құрама командасының спортшыларын тестілеуден өткізді", - делінген хабарламада.

    Бақылау қорытындысы бойынша келесі спортшыларда оң допинг-сынамалар анықталды:

    1. Әуелханов Абылай

    2. Сон Игорь

    3. Потасова Юлия

    4. Чалкарова Руфина

    5. Дроздов Алексей

    6. Макрушин Матвей.

    Жоғарыда аталған спортшылар Алматы облысының өкілдері.

    "Допингке нөлдік төзімділік саясатын ұстана отырып, Қазақстан Республикасы Ауыр атлетика федерациясы бұл оқиғаға ішкі тергеу жүргізуге ниетті", - деп хабарлады федерациядан.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Спорттық арбитраждық сот (CAS) қазақстандық ауыр атлет Нижат Рахимовты допингке қарсы ережені бұзғаны үшін жарыстан 8 жылға шеттетіп, 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының алтыннан айырған еді.

    Кейінірек зілтемірші өзіне қатысты шыққан шешімге түбегейлі қарсы екенін айтып, алдағы уақытта қайта арызданатынын мәлімдеген болатын.

    Қазақстандық алты зілтеміршінің допинг сынамасы оң нәтиже көрсетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.