jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Ауыр халде жатқан Олимпиада чемпионын жасанды аппараттан ажыратылды

    Татьяна Навка мен Роман Костомаров мұз айдынында
    Татьяна Навка мен Роман Костомаров. Фото: twizzle.ru

    Мәнерлеп сырғанаудан Турин Олимпиадасының чемпионы Роман Костомаровтың жағдайы жақсарып келеді. 9 қаңтар күні Костомаровқа пневмония диагнозы қойылып, спортшы жансақтау бөліміне түскен болатын, деп жазады Матч ТВ арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    45 жастағы спортшы ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ол ұзақ уақыт бойы мұзды шоуларда өнер көрсетті. Тіпті, кейде даладағы мұз айдынында да қойылым өткізеді.

    Кейін Костомаровтың Рождество мерекесіне орай мұздай суға сүңгігені де белгілі болды. Мұның бәрі спортшының денсаулығына кері әсер етіп, ол ес-түссіз күйде жансақтау бөліміне түсті.

    Дәрігерлер оны дереу өкпені жасанды желдету аппаратына қосып, қанға ауа жіберетін жасанды процедураны жасаған.

    Қазіргі таңда Роман Костомаров жайлап есін жинай бастады. Десе де, палатаға әлі шығарылған жоқ.

    Роман Костомаров 2006 жылғы Турин Олимпиадасында Татьяна Навкамен бірге өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алған.

    Айта кетелік, Роман Костомаров желтоқсан айының соңында "Медеу" мұз айдынында өнер көрсеткен.

    Ауыр халде жатқан Олимпиада чемпионын жасанды аппараттан ажыратылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.