jitsu gif
Спорт

    Бейжің Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Асхат Жіткеевтің өмірінде маңызды оқиға болды

    Асхат Жеткеев
    Фото: Қазақстанның дзюдо федерациясы

    Қазақстан дзюдо федерациясының бас хатшысы Асхат Жіткеев халықаралық дәрежедегі төреші атағын алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстанның дзюдо федерациясына сілтеме жасап.

    4-9 сәуір күндері Алматы төрінде дзюдодан IJF мамандарының қатысуымен құрлықтық және халықаралық дәрежедегі төрешілерге арналған семинар-емтихан өтті.

    18 елден жиналған мамандар білімдерін жетілдіріп, Халықаралық дзюдо федерациясының сертификаттарымен марапатталды.

    "Асхат Жіткеев бірнеше кезеңнен тұрған емтиханнан сүрінбей өтіп, IJF Continental – құрлықтық дәрежедегі төреші атағын алды. Бұл санаттағы төрешілер құрлықтық додаларда, яғни Азия ойындары, Азия Кубогі және Азия чемпионаты жарыстарында төрелік ету құқығына ие", - делінген хабарламада.

    Айта кетейік, бұл дәрежеге қол жеткізген қазақстандықтардың қатарында Николай Иванов пен IJF International – халықаралық төреші атағын алған Самат Сапишев те бар.

    Асхат Жіткеев туралы не білеміз?

    Асхат Жіткеев 1981 жылы 13 сәуірде өмірге келген.

    Ол дзюдодан 100 келіге дейінгі салмақта Бейжің Олимпиадасының финалында өнер көрсетіп, екінші орынды қанағат тұтқан. Сонымен қатар Асхат әлем біріншілігі мен Азия ойындарының қола жүлдегері. Одан бөлек дзюдошы Азия чемпионатында екі алтын мен бір күмісті қанжығасына байлаған.

    Бейжің Олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Асхат Жіткеевтің өмірінде маңызды оқиға болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.