
Ат спортының тарихы бай және әлі күнге дейін әлемде танымал болып келеді. Бүгінгі таңда Халықаралық ат спорты федерациясына Қазақстанды қосқанда 136 ел кіреді. Сіз бұл керемет спорттың қалай пайда болғанын білесіз бе? Ең қызықты фактілерден хабардар бола отырып, үйір жылқы ұтып алу мүмкіндігіне ие болыңыз.
Жылқылардың Олимпиядаға қатысатыны туралы алғашқы мәлімет біздің дәуірімізге дейінгі 680 жылы келтірілген
Бағдарламаға бірінші болып күймемен жарыс, содан кейін б.з. д. 648 жылы ат пен қашыр шегілген жарыстар енгізілген. Алайда атқа міну дәстүрі 16-18 ғасырда Еуропа аумағында алғашқы ат спорты мектептерінің пайда болған соң жақсы беделге ие бола бастады. Қазіргі Олимпиадаға ат жарысы 1900 жылы үш бағыт аясында оралды: конкур, ұзындыққа және биіктікке секіру. Бірақ көптен күткен дебюттен кейін кәсіби шабандоздар әлемдік аренаға оралу үшін тағы 12 жыл күтуге мәжбүр болды. Осы уақытқа дейін бағдарлама қайта қарастырылды - атпен секіру алынып тасталды, ат үйрету, командалық конкур және үштік сайыс қосылды.
1952 жылға дейін Олимпиадада ат спорты түрлеріне тек әскери офицерлер қатысқан
Хельсинкидегі жарыс алғаш рет мамандығы мен шығу тегіне қарамастан барлық шабандоздарға қолжетімді болды. Тек ерлер үшін ғана емес, әйелдер үшін де. Содан бері бұл спорт әйелдер мен ер адамдар бірге немесе бір-біріне қарсы бәсекеге түсе алатын санаулы спорт түрлерінің бірі болды. Жасы да маңызды емес - ең егде жастағы шабандоз Артур фон Понграц 1936 жылы 72 жасында ат үйрету турнирінде жеңіске жеткен болатын.
Қазақстандағы алғашқы ат спортының мектебі 1956 жылы ашылды
Қазақстан халқы ежелден бері шебер шабандоздарымен танымал болған. Бірінші академиясының пайда болған уақытынан бастап 1993 жылға дейін біздің спортшылар КСРО чемпионаттарында бірнеше рет медаль жеңіп алды. 1999 жылдан бастап қазақстандық спортшылар Азия елдері арасындағы халықаралық жарыстарға және Әлем кубогының тұрақты кезеңдеріне қатысып, жүлделі орындарға ие болып отыр. Ал 2014 жылы Қазақстан өкілдері алғаш рет Дүниежүзілік ат спорты ойындарында өнер көрсетті.
Спорттық атқа мінудің даңқты дәстүрлерін кез-келген адам жалғастыра алады. Ең бастысы, ол - мықты тұлпар! Бақытымызға орай, Parimatch беттинг компаниясы апта сайын бір үйір жылқыны ұтысқа тігеді. Қатысыңыз және өз жылқы үйіріңізді ұтып алыңыз!
Букмекерлік кеңсенің қызметімен айналысу үшін, 31.12.2020 ж. (17.07.2028 жылға дейін жарамды) № 20019733 лицензия, "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті" РММ берілген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/olympiad/2018217-at-sportynyn-tarixy-turaly-bilesiz-be/