jitsu gif
Спорт

    32 жастағы Олимпиада және әлем чемпионы кенеттен қайтыс болды

    Тори Боуи жеңіс тұғырында
    Тори Боуи. Фото: twitter/iconmanagement

    2016 жылғы Рио Олимпиадасының чемпионы, америкалық жеңіл атлет Тори Боуи 32 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Twitter-дегі Iconmanagement парақшасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Тори Боуи 4х100 метрлік эстафетадан Олимпиада чемпионы атанған болатын.

    "Біз Тори Боуидің қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Біз қымбат досымызды, қызымызды, әпкемізді жоғалтып алдық. Тори чемпион болатын. Жарқырап жанған жарық нұры еді. Біз қайғыдан қан жұтып отырмыз. Оның отбасы және достарымен бірге дұғадамыз", - делінген хабарламада.

    Олимпиада алтынынан бөлек, аталған төртжылдық додасында Тори 100 метрге жүгіруден күміс, 200 метрге жүгіруден қола медаль иеленген еді.

    2017 жылы америкалық спортшы әлем чемпионы атанып, спринтерлер эстафетасында да топ жарды.

    32 жастағы Олимпиада және әлем чемпионы кенеттен қайтыс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.