jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Отандық ерлі-зайыптылар Жапониядағы ірі жарыста қола медаль жеңіп алды

    Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада қарсаңында жеке бапкерінің өмірден өткенін айтты
    Мөлдір Жаңбырбай. Фото: olympic.kz

    Каратэден Жапонияның Фукуоки қаласында каратэден Премьер-лига турнирі мәресіне жетті. Бұл сында қазақстандықтар 1 күміс, 6 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Спорт дирекциясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан сапынан 60 келідегі Дархан Темірәлиев финалда жеңіліп, күмісті қанағат тұтты.

    Ал Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева бұл жарыста да үшінші орыннан көрінді.

    Қола медаль жеңіп алғандар қатарында ерлі-зайыптылар Мөлдір Жаңбырбай мен Дидар Әмірәлі де бар. Мөлдір 55 келіде, Дидар 67 келіде үздік үштіктен көрінген.

    Сондай-ақ Гүлмира Үсенова, Лаура Әліқұл, Абылай Төлтайдың еншісінде де қола жүлде бар.

    Жапониядағы ірі жарысқа әлемнің 47 елінен 300-ден аса спортшы қатысты.

    Отандық ерлі-зайыптылар Жапониядағы ірі жарыста қола медаль жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.