jitsu gif
Спорт

    Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды

    Алматыда велошеруге байланысты жолдар жабылады
    Көрнекі фото: Pixabay.com

    Шосседегі велоспорттан Таиландтың Райгон қаласында өткен Азия чемпионатында Қазақстанның ерлер құрамасы Париж Олимпиадасының лицензиясын жеңіп алды. Бұл туралы Qazsport арнасы хабарлады.

    Бір аптаға созылған бәсекеде Қазақстан құрамасы 15 жүлде (сегіз алтын, төрт күміс, үш қола) жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды.

    "Біз Олимпиадалық лицензиясына берілер қажетті ұпайды жинап, алға қойылған мақсаттарға қол жеткіздік. Азия чемпионатының қорытындысы бойынша, біз Париж Олимпиадасына бір лицензия жеңіп алдық. Бапкерлер мен спортшылардың жұмысын жоғары бағалаймын. Жарыс барысында қарсыластармен ғана емес, ыстық ауа-райымен де күресуге мәжбүр болдық. Дегенмен, біздік спортшылар - өз ісінің нағыз маманы" - деп, Қазақстан велоспорт федерациясының президенті Нұрлан Смағұлов.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Азия біріншілігінде Глеб Брусенский мәре сызығын бірінші болып кесіп өтсе, тәжірибелі Евгений Гидич күміс медальге қол жеткізген еді.

    Қазақстан Париж Олимпиадасының алғашқы лицензиясын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.