jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлемдік ұйым күрестен Париж Олимпиадасының іріктеу турнирлері өтетін елдерді атады

    Айдос Сұлтанғали
    Айдос Сұлтанғали бозкілемде. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Біріккен күрес әлемі (UWW) 2024 жылғы Париж Олимпиадасына іріктеу турнирлері өтетін аймақтарды атады. Бұл туралы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Күрестен Париж Олимпиадасына іріктеу турнирі 2023 жылдың қыркүйегінде Сербия астанасы Белградта өтетін әлем чемпионатында басталады. Әлемдік сында күрес түрлерінен 90 жолдаманың тағдыры шешіледі.

    Азия аймақтық іріктеу турнирін Қырғызстан астанасы Бішкек қабылдайды. Ал бүкіләлемдік Олимпиадаға іріктеу турнирі Түркияның Стамбул қаласында өткізілмек.

    Панамерикадағы іріктеу сынын Мексика, Африка мен Океания аймағындағы бәсекені Египет, Еуропа іріктеу турнирін Әзірбайжан қабылдайды.

    Әрбір аймақтық іріктеу турнирінде 36 квота сарапқа салынады. Ал ең соңғы іріктеу сынында 54 лицензия ойнатылады.

    Әлемдік ұйым күрестен Париж Олимпиадасының іріктеу турнирлері өтетін елдерді атады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.