jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Параволейболдан Қазақстан құрамасы араға 27 жыл салып Париж Паралимпиадасына жолдама алды

    Параволейболдан Қазақстан құрамасының жеңісті сәті
    Параволейболдан Қазақстан құрамасы. Фото: Спорттық даярлау орталығы

    Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Париждегі Паралимпиада ойындарына жолдама алды. Бұл туралы турнирдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Отырып ойнайтын волейболдан Азия чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасы Қытай командасын 3:2 есебімен жеңіп, келесі жылы Парижде өтетін Паралимпиада ойындарына жолдама алды.

    Құрлық біріншілігінің финалдық ойыны 8 шілде күні сағат 16.30-да өтеді. Қазақстан құрамасы Ираннан келген волейболшыларға қарсы алтын медаль мен Азия чемпионы атағы үшін өнер көрсетеді. Кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

    Естеріңізге сала кетейік, соңғы рет параволейболдан Қазақстан құрамасы 1996 жылы Паралимпиада ойындарында өнер көрсеткен болатын. Парижде өтетін ойындарға жолдаманы Азия құрлығының 7 үздік ерлер командасы сарапқа салды.

    Параволейболдан Қазақстан құрамасы араға 27 жыл салып Париж Паралимпиадасына жолдама алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.