jitsu gif
Спорт

    "Он жылда он пәтер ауыстырдым": Еркебұлан Шынәлиев өзіне басшылардың пәтер беріп, кейін қайтып алғанын айтты

    Еркебұлан Шынәлиев
    Еркебұлан Шынәлиев. Фото: "Уақыт көрсетеді" бағдарламасы

    Бокстан Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиев көпшілік біле бермейтін шындығын айтты. Боксшының мәліметінше, оған Олимпиададан кейін уәде етілген пәтерді ешкім бермеген, деп жазады "Уақыт көрсетеді" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ. NUR.KZ.

    "Маған 2008 жылдың аяғында "Жыл спортшысы" атағын берді. Сол кезде "Оңтүстік" мейрамханасында мені марапаттап, екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Тіпті, сол пәтерді апарып көрсетті де. Ол кезде "Нұрсәт" шағын ауданы енді салынып жатқан. Сантехникалық жұмыстар біткен соң, пәтер берілетінін айтты. Сонмен бәрі бітті. Ешқандай пәтер берген жоқ.

    Кейін қолыма 1 жарым миллион теңге ұстатып, соған пәтер сатып ал деді. Ол кезде бір бөлмелі пәтердің бағасы 7-8 миллион теңге тұратын. Бізде бәрі көзбояушылық қой. Соңғы он жылдан бері он рет жалдамалы пәтер ауыстырған шығармын. Қазір қаладан шаршадым. Шешемнің қолында кіші інім бар. Отбасыммен сол жаққа көшіп кеттім. Қалада қанша аудан бар, соның бәрінде тұрып шықтым. Айына 60, 80, 100 мыңнан төледім.

    Өткізіп қойған ештеңем жоқ, әрине. Басшылар мұны неге спорт мектебіне басшы қылып қоямыз деп ойлайтын шығар. Спорттан кеткеніме 13 жыл болды, еш жерде жұмыс істемедім", - деді Шынәлиев.

    Айта кетелік, бұған дейін Еркебұлан Шынәлиев Бейжің Олимпиадасында алған қола жүлдесін және спорттық мансабындағы барлық медалін мұқтаж отбасыға таратқан болатын.

    "Он жылда он пәтер ауыстырдым": Еркебұлан Шынәлиев өзіне басшылардың пәтер беріп, кейін қайтып алғанын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.