jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Жақында спортпен қоштасқан таеквондошы ұлттық құрама тізгінін ұстады

    Көк шлемде Нұрсұлтан Мамаев
    Көк шлемде Нұрсұлтан Мамаев. Фото: olympic.kz

    Таеквондодан Қазақстан құрамасында өзгерістер орын алды. Бұл туралы федерацияның ресми парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Таеквондодан Қазақстанның құрама командасың Азия ойындарына дайындау шеңберінде команданың жаттықтырушы-кеңесшісі болып Ким Кванг Су тағайындалды, ал аға-жаттықтырушы Нұрсұлтан Мамаев болды.

    Ким Кванг Су — Кореядан келген тәжірибелі және білікті маман. Жаттықтырушылық мансабын 1994 жылы Чунчон қаласының (Корея) құрама командасында бастады. Айта кету керек, маман Францияның ұлттық құрамасын да жаттықтырды.

    Нұрсұлтан Мамаев Олимпиада ойындарының қатысушысы. Ол сондай-ақ жасөспірімдер Олимпиадасының, Азия ойындарының және басқа да халықаралық турнирлердің жүлдегері атанды. Мамаевтың басшылығымен Шымкент қаласының құрама командасы республикалық турнирлерде ғана емес, халықаралық турнирлерде де жоғары нәтижелерге қол жеткізді.

    Мамандар өз міндеттеріне кірісті. Бүгін біздің командамыз Кореяға және одан әрі Тайландқа сапар шегеді, онда ұлттық құрамалармен бірге Азия ойындарына дайындалады.

    Ким Кванг Судың көмегімен Қазақстан мен Корея командаларының бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізу туралы келісімге қол жеткізілгенін атап өту маңызды. Мұндай іс-шаралар спортшыларға сапалы дайындық, кәсіби өсу және жан-жақты даму үшін қажет.

    Жақында спортпен қоштасқан таеквондошы ұлттық құрама тізгінін ұстады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.