jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Ұлымен бірге отырған: танымал мәнерлеп сырғанаушы көлік апатынан көз жұмды

    Александра Пол әріптесі Митчел Исламмен бірге
    Александра Пол әріптесі Митчел Исламмен бірге. Фото: Getty Images / Chung Sung-Jun

    Канадалық спортшы Александра Пол көлік апатынан қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    22 тамыз күні Онтарио провинциясында жүк көлігі жол жиегінде тұрған жеңіл көлікпен соқтығысқан.

    Апат салдарынан 31 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Александра Пол көз жұмды. Ол көлікте ұлымен бірге отырған. Қуанышқа қарай, спортшының сәбиі аман қалды.

    Александр Пол әріптесі Митчел Исламмен өнер көрсетіп, 2010 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде күміс жүлдегер атанған.

    Кейін Сочи Олимпиадасына қатысып, 18-орын иеленеді.

    2021 жылы Александра мен Ислам шаңырақ көтеріп, былтыр ұлдары дүниеге келген болатын.

    Ұлымен бірге отырған: танымал мәнерлеп сырғанаушы көлік апатынан көз жұмды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.