jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Азия ойындары: Баскетболдан ұлттық құрама плей-офф кезеңіне шықты

    Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жарыста
    Баскетболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    3х3 баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы ХІХ жазғы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

    Отандастарымыз D тобында үшінші матчта жеңіске жетіп, топта 2-орынмен ХІХ жазғы Азия ойындарының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

    Бұл жолы қазақ баскетболшылары Таиландтан 19:16 есебімен басым түсті. Олар осыған дейін алғашқы ойында Қырғыз Республикасының (20-16), Камбоджаның (21-13) құрамасын жеңіп, Қатар ойыншыларына есе жіберген (11-19).

    Ұлттық құрама ойыншылары: Әділ Нариманов, Рамазан Самсин, Радислав Родионов, Богдан Рабченюк.

    Еске сала кетейік, 23 жасқа дейінгі 3х3 баскетболдан Қазақстанның ерлер құрамасы 2018 жылғы Азия ойындарының ширек финалына дейін жетіп, финалист Оңтүстік Кореяға жол берген (13-17).

    Азия ойындары: Баскетболдан ұлттық құрама плей-офф кезеңіне шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.