jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Екі-үш рет нокдаунды есептеген жоқ": Асланбек Шымбергеновтің бапкері өте ауыр жекпе-жекті қорытындылады

    Асланбек Шымбергенов қытайлық боксшымен кездесуде
    Асланбек Шымбергенов. Фото: Тұрар Қазанғапов

    Бокстан әлем чемпионы Асланбек Шымбергенов Ханчжоудағы Азия ойындарын жеңіспен бастады. Боксшы өте қиын кездесуде жергілікті қытайлық спортшыны ұтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Осы орайда, боксшының жеке бапкері Ермек Ертаев кездесуді қорытындылады.

    "Жекпе-жек өте ауыр өтті. Төреші екі-үш рет нокдаун болатын сәтті есепке салмады. Бұл енді Азия ойындары. Оңай болмайды. Екінші раундты қарсыласқа 3:2 есебімен берді. Асланбек өзін қолға алып, жеңісті жұлып алды.

    Асланбектің бұл қарсыласын білмейміз. Ол әлем чемпионатына да, басқа жарыстарға да қатыспаған. Азия ойындарында алғаш рет көріп отырмыз.

    Әрине, қытайлар өз жерінде барын салады. Екінші раундтан соң Асланбекке: "Босаңсыма! Жеңісті бермейді, әйтпесе", -дедім.

    Ендігі қарсылас - өзбек боксшысы. 67 келіде әлем чемпионы атанып, 71 келіге ауысқан. Барлығын шаршы алаң көрсетеді", - деді Ермек Ертаев.

    "Екі-үш рет нокдаунды есептеген жоқ": Асланбек Шымбергеновтің бапкері өте ауыр жекпе-жекті қорытындылады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.