Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аян Бейсенбаев Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Опубликовано:

Аян Бейсенбаев
Аян Бейсенбаев. Фото: Ұлттық Олимпиада комитеті

Қазақстан спортшы Аян Бейсенбаев триатлоннан Ханчжоуда өтіп жатқан Азиаданың қола медалін иеленді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бейсенбаевтың жүзуден 1500 метрді бағындырып, велоэтаппен 40 шақырым жүріп өтіп, 10 км жүгіріп шыққандағы уақыты – 1:52:25.

Байрақты бәсекеде алтын медальді жапондық спортшы Кенжи Ненер (1:50:54) алды. Сондай-ақ күміс медаль да Жапониядан келген спортшы Макого Одакураға (1:51:49) бұйырды.

Айта кетейік, Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында Қазақстан намысын 500-ден астам спортшы қорғап жатыр.

Бүгінде ел қоржынында 20 медаль бар. Отандастарымыз үш алтын, екі күміс, 15 қола жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2038721-ayan-beisenbaev-aziya-oiyndarynyn-qola-zuldegeri-atandy/

pixel