jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Ержан Саденов "Динамо" спорт қоғамының төрағасы болып сайланды

    Ержан Сәденов
    Ержан Сәденов. Фото: ҚР ішкі істер министрлігі

    Ішкі істер министрлігінде "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамы қоғамдық бірлестігі төралқасының отырысы өтті. Жиында спорттық қоғамдастық мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен Ішкі істер министрі Ержан Саденов қоғамдық бірлестіктің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

    "Ішкі істер министрлігі және "Динамо" спартакиадаларының танымалдығы жыл сайын артып келеді. Бұған әр түрлі спорт түрі бойынша сайысқа қатысушылардың санының артқандығы дәлел бола алады. Биыл халықаралық жарыстарда "Динамо" тәрбиеленушілері жүзден астам медаль жеңіп алды.

    Мәселен, жазғы Азия ойындарында қазақстандықтар жеңіп алған 80 жүлденің 43-і "Динамо" спортшыларына тиесілі. 10 алтын жүлде біздің спортшыларымыздың қоржынында", - деді "Динамо" спорт қоғамы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Омарқұлов.

    Полиция мәліметінше, Ержан Саденов өңірлердегі полиция департаментінің басшыларына "Динамо" филиалымен бірлесіп, бұқаралық спортты дамытуға белсенді қатысуды тапсырды.

    Ержан Саденов "Динамо" спорт қоғамының төрағасы болып сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.