jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    Паразиада-2023: Қазақстан қоржыны екі күміс медальмен толықты

    Жалғас Тайкенов марапаттау рәсімінде
    Жалғас Тайкенов марапаттау рәсімінде. Фото: Туризм және спорт министрлігі

    Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан жазғы Паразиаданың кезекті жарыс күнінде Қазақстан қоржынына екі күміс медаль түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстандық Жалғас Тайкенов каноэде есуден 43,369 секунд нәтижесін көрсетіп, Азия пара ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды.

    Сондай-ақ Бибарыс Спатай да каноэде есуден екінші орынды иеленіп, ел қоржынын тағы бір күміс медальмен толықтырды.

    Айта кетейік, төрт жылда бір рет ұйымдастырылатын Азия пара ойындарында ел намысын 131 атлет қорғауда. Олар 14 спорт түрінен 485 медаль үшін таласады. Қазақстан құрамасы 2010 жылдан бері Азияның пара ойындарына төртінші рет қатысуда.

    Паразиада-2023: Қазақстан қоржыны екі күміс медальмен толықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.