jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға жолдама алу үшін лицензиялық турнирге қатысады

    Қазақстандық боксшы рингте
    Қазақстандық боксшы рингте. Фото: olympic.kz

    Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы Италияның Милан қаласында өтетін лицензиялық турнирге дайындықты бастап кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Осы жылы Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама алу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен боксшылар Италияда болатын лицензиялық турнирге жиналады. Аталмыш жарысқа қатысу үшін қазақстандық былғары қолғап шеберлері дайындықты бастады. Ұлттық құрама спортшыларының тізімі кейін жарияланады.

    Қазақстан бокс федерациясының атқарушы директоры Әзиз Қожамбетовтің айтуынша, қазақстандық боксшылар лицензиялық турнирге дейін екі дайындық кезеңіне қатысады. 

    "Қазіргі таңда команда Алматыда жаттығу жиынын өткізуде. Бұл кезеңде жалпы дене жаттығуына көңіл бөлінеді. Ал турнир жақындағанда арнайы физикалық дайындық басталады. Сол жиынға қатысуға шетелдік командалар да сұранып отыр. Атап айтар болсақ, Иран мен Әзербайжан командасы келеді. Сондай-ақ, тағы бірнеше мемлекет өтініш білдіруде", – деді Әзиз Қожамбетов. 

    Бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиадаға жолдама алу үшін лицензиялық турнирге қатысады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.