jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Канвон-2024 Олимпиадасы аяқталды: Қазақстан құрамасы нешінші орынға жайғасты

    Қазақстан ұлттық құрамасы
    Қазақстан ұлттық құрамасы. Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

    Оңтүстік Кореяда өткен жасөспірімдер арасындағы Канвон-2024 қысқы Олимпиада ойындары мәресіне жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қазақстан ұлттық құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасын 1 алтын, 2 қола жүлдемен аяқтады.

    Олимпиаданың екінші күнінде Қазақстан қоржынына тарихи алтын жүлде түсті. Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында Илья Мизерных 214 ұпаймен топ жарып, чемпион атанды.

    Кейін қазақстандық шорт-трекші Полина Омельчук 1000 метр қашықтыққа жүгіруде мәре сызығын үшінші болып кесіп, қола жүлдені қанжығалады. Оның уақыт көрсеткіші – 1:41.600.

    Ал 25 қаңтарда қазақстандық хоккейшілер ел қоржынына үшінші медальді салды. Қазақстан құрамасы Олимпиаданың қола жүлдесі үшін Аустрия командасына қарсы ойнап, 6:5 есебімен ұтты.

    Канвон-2024 Олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы медаль кестесінде 20-орынға тұрақтады.

    Медаль кестесіндегі топ-10 құрама:

    1. Италия – 11 алтын, 3 күміс, 4 қола;
    2. Германия – 9 алтын, 5 күміс, 6 қола;
    3. Оңтүстік Корея – 7 алтын, 6 күміс, 4 қола;
    4. Франция – 7 алтын, 5 күміс, 6 қола;
    5. Қытай – 6 алтын, 9 күміс, 3 қола; 
    6. АҚШ – 5 алтын, 11 күміс, 5 қола;
    7. Аустрия – 5 алтын, 6 күміс, 5 қола;
    8. Швеция – 4 алтын, 4 күміс, 3 қола;
    9. Ұлыбритания – 4 алтын, 1 күміс, 1 қола;
    10. Жапония – 3 алтын, 4 күміс, 8 қола.

    Айта кетейік, Канвон-2024 Олимпиадаcы 19 қаңтар мен 1 ақпан аралығында өтті. Оған әлемнің 78 мемлекетінен 1802 спортшы қатысты. Дүбірлі додада елімізден 41 атлет 5 спорт түрінен 9 дисциплинада бақ сынады.

    Канвон-2024 Олимпиадасы аяқталды: Қазақстан құрамасы нешінші орынға жайғасты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.