jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: 17 жастағы қазақстандық таеквондошы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

    17 жастағы Батырхан Төлеуғали
    17 жастағы Батырхан Төлеуғали. Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

    Қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан лицензиялық жарыста Париж Олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің Telegram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан Төлеуғали турнирдегі алғашқы жекпе-жегінде Акшай Худаны (Үндістан) 2:0 есебімен ұтқан еді. Ал жартылай финалда Сауд Арабиясының таеквондошысы Әли Мабрук әл-Мабруктен басым түсіп, Париж Олимпиадасының лицензиясына қол жеткізді.

    Осылайша, 17 жастағы спортшы өзінің тұңғыш Олимпиадасына жолдама алды. Батырхан – жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері, Спартакиада чемпионы.

    Ертең, 16 наурызда лицензиялық жарысқа Қазақстан таеквондо құрамасынан Самирхон Абабакиров (58 кг), Мария Севостьянова (57 келі), Жансель Дениз (+67 келі) шығады. Олимпиада жолдамасы сарапқа салынып жатқан бәсекеге 33 мемлекеттен келген 96 таеквондошы қатысып жатыр.

    Ресми: 17 жастағы қазақстандық таеквондошы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.