jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Таеквондодан Қазақстан құрамасының қоржынына Олимпиаданың екінші жолдамасы түсті

    Самирхон Абабакиров
    Самирхон Абабакиров. Фото: olympic.kz

    Қытайдың Тайань қаласында өтіп жатқан таеквондодан лицензиялық турнирде Қазақстан қоржынына Париж Олимпиадасының тағы бір жолдамасы түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    58 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Самирхон Абабакиров лицензиялық турнирдің жартылай финалында Филиппин өкілі Курт Криан Барбосаны 2:0 есебімен ұтты. Осылайша, 20 жастағы спортшы алғашқы Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

    Айта кетейік, Абабакиров алғашқы жекпе-жегінде қырғызстандық таеквондошы Нұрхан Самидиновті ұтса, кейін таиландтық Тханакрит Едрактан басым түскен еді.

    Еске салайық, кеше, 16 наурызда тағы бір қазақстандық таеквондошы Батырхан Төлеуғали 80 келі салмақта лицензияға қол жеткізген болатын. 

    Қазақстан құрамасы Олимпиадаға таеквондодан 2004 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақытқа дейін еліміз бұл спорт түрінен 1 жүлде алды. Бейжің Олимпиадасында Арман Шылманов қола медаль иеленген еді.

    Таеквондодан Қазақстан құрамасының қоржынына Олимпиаданың екінші жолдамасы түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.