jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші ресейлік Олимпиада чемпионына ұсыныс жасады

    Дмитрий Попко және Сотников
    Дмитрий Попко және Аделина Сотников. Фото: Instagram @adelina_sotnikova14

    Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы Аделина Сотникова Instagram парақшасында қазақстандық теннисші Дмитрий Попкоға тұрмысқа шығатынын жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Жұп басында романтикалық қарым-қатынастарын жасырып жүрген. Сондай-ақ спортшылар Сотникованың жүктілігін де айтқан жоқ. Попко екеуінің ұлы 2022 жылы 30 қазанда дүниеге келді, баланың есімі – Адриан.

    2014 жылы Сочиде өткен Олимпиада ойындарының чемпионы Instagram желісінде сүйіктісімен түскен фотоларын жариялады.

    "Келісім бердім, "иә" дедім", – деп жазды Сотникова.

    27 жастағы Попко Санкт-Петербург қаласының тумасы. 2011 жылы Қазақстан азаматтығын алған. Қазір теннисші әлемдік рейтингте 240-орында және жекелей сында еліміздің бесінші ракеткасы.

    Сотникова да 27 жаста. Ол коньки тебуден әйелдер арасында Ресейден шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Мәнерлеп сырғанаушы 2020 жылы спорттық мансабын аяқтайтынын ресми түрде жариялады.

    Қазақстандық теннисші ресейлік Олимпиада чемпионына ұсыныс жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.