jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшылар Түркиядағы әлем кубогы кезеңінде алтын жүлде еншіледі

    Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко
    Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко. Фото: olympic.kz

    Қазіргі бессайыстан Қазақстан командасы Түркияның Анкара қаласында өткен әлем кубогі кезеңінде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Әлем кубогы кезеңінде Қазақстан намысын қорғаған Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко аралас эстафетада бірінші орын иеленді. Олар 1327 ұпай жинаған. Екінші орынды Египет, үшінші орынды Италия құрамасы алды.

    Қазіргі бессайыс, пентатлон – бір кешенде бес әр түрлі спорт түрінің бірегей үйлесуі. Оның ішіне семсерлесу, жүзу, конкур, жүгіру және ату сияқты спорт түрлері кіреді.

    Қазақстан қоржынында қазіргі бессайыстан Париж Олимпиадасының екі жолдамасы бар. Өткен жылы Қытайдың Ханжоу қаласында өткен жазғы Азия ойындарында Георгий Борода-Дудочкин мен Елена Потапенко лицензия жеңіп алған еді.

    Қазақстандық спортшылар Түркиядағы әлем кубогы кезеңінде алтын жүлде еншіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.