jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Анам жаттығуға арқалап апаратын": қазақстандық балуан спортқа қалай келгенін айтты

    Айдос Сұлтанғали
    Айдос Сұлтанғали. Фото: olympic.kz

    Грек-рим күресінің шебері Айдос Сұлтанғали спортқа қалай келгенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Youtube желісіндегі "Спорт министрі" арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Күреспен айналысуды бастаған кезде таңғы жетіде тұрып, жаттығуға баратынмын. Кейде балалықпен анама "жаттығуға бармай-ақ қояйыншы" деп айтатынмын. Ал анам қолдау беріп, массаж жасап, тамағымды дайындап, жаттығуға жіберетін. Жаңбыр, қар жауған кезде анам трассаға дейін арқалап апарып тастайтын", - деді қазақстандық балуан.

    Еске салайық, Айдос Сұлтанғали Бішкекте (Қырғызстан) өткен күрес түрлерінен Азия құрлығының іріктеу турнирінде Париж Олимпиадасының жолдамасын иеленген еді. 60 кг салмақта сынға түскен қазақстандық балуан жартылай финалда Тайбэй өкілі Джуи Чи Хуанганы 9:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

    Қазір Қазақстан қоржынында күрес түрлерінен Париж Олимпиадасының 7 жолдамасы бар: еркін күрес – 3, грек-рим күресі – 4.

    "Анам жаттығуға арқалап апаратын": қазақстандық балуан спортқа қалай келгенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.